top of page

Кім мықты? Сіз мықтысыз! (бонустар мен "тіркегіштер туралы")

Writer: Serhiy HolovanSerhiy Holovan

Қымбатты достар,


Біз қазір Сізді Simply-ге «қосатын және тіркейтін» «кеңесшілер» немесе «тіркегіштер» пайда болғанын, сол үшін Сіз оларға welcome bonus-ыңызды – 750 S! аударуыңыз тиіс екенін біліп, таң қалдық.


Simply-ді жасаушылар атынан мәлімдейміз:


1) Біз MLM сызбаға қарсымыз және оларды Simply-де ешқашан қолданбаймыз;


2) Біздің өнім оңай әрі интуициялық ашу үшін және қолдану үшін жасалған, оған «нұсқаушылар» мен «кеңесшілер» қажет емес, әсіресе ақылы негізде;


3) Тіркеу бонусы тек Сіздікі, ол - біздің Simply-де Сізбен арамыздағы байланысымыз үшін айтқан алғысымыз;


Сіз өзіңіз тіркелдіңіз және Simply картасын аштыңыз, Cіз бүкіл жұмысты 100% орындадыңыз – енді сыйақыңызды бөтен біреуге бергіңіз келе ме?


4) Сұраған соманы біреуге аудармасаңыз да, Simply-ді қолдануыңызды және одан кейін алатын барлық пайдаңызды ешкім шектей алмайды;


5) Егер көмек керек болса – Simply қосымшасындағы қолдау тобымыз кез келген мәселе бойынша қуана көмектеседі.

Білмейтіндер болса, мына жерде байланыса алады:




6) Бұл туралы достарыңыз бен таныстарыңызға айтыңыз, оларды өз сыйақыларынан ерікті түрде айырылудан сақтандырыңыз;


7) Қосымшадағы ескертулерімізге назар аударыңыз:





Өз еңбегіңіз бен уақытыңызды бағалаңыз, Сізді Simply қалай жақсы көрсе, Сіз де өзіңізді солай жақсы көріңіз және бағалаңыз!


Осы мәселені жою жолында бірге жұмыс істеуіміз үшін:

- «ақылы кеңесшілерге іздеу саламыз»;

- бонустарыңызды сұраған адамдардың контактілерін, скриндерін, адамдардың аттарын Simply қосымшасындағы қолдау тобына беріңіздер.


Барлық ақпаратыңыз құпия болатыны анық.


Ішкі тексеруден соң және ондай факт расталса – бізден керемет сыйлық аласыздар =)


Іздеу басталды, олжаға шектеу жоқ!




 
 
 

Recent Posts

See All

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page