top of page

Simply welcome-бонустарымен қоштасамыз

Writer: Serhiy HolovanSerhiy Holovan

Welcome-бонус, рахмет, сенің арқаңда миллиондаған қазақстандықпен таныстық!


Иә, бұл шындық, клиенттік базамыз алты нөлі бар межеге қарқынды жақындап келеді.

Нарықтағы 10 айда біз мобильді необанктің құрылуының барлық сатысынан өттік, дәстүрлі қаржылық алпауыттардың күмәнін жойып, кедергілерін еңсердік, әділ сын мен лайықты бағамызды алдық, ең бастысы – танымал бренд пен бірегей Simply аудиториясын құрдық.


Наурыз, жаңару мен гүлдену мерекесі – өсу мен даму жолындағы маңызды нүктелерді сәтті еңсерген кезеңіміз болды. Біз жаңа клиент саны жағынан өз мақсатымызға жеттік және клиенттік базаны сапалы өсіруге ден қойған стратегиямызды іске асыруды жалғастыра береміз.

Сіздермен бірге біз артқышылықтарымыз үшін бізді таңдап, оң тәжірибеміз үшін жақсы көретін кезеңге жеттік.

4 сәуірден бастап, Simply сервисінде сәйкестендіруден өткеніңіз үшін берілетін Welcome-бонус тоқтайды, бұл ретте Simply-дің қазіргі қолданушылары мен бірегей тәжірибе алу үшін бізге келетін жаңа достары үшін барлық кереметтер сақталады және көбейеді.


Әсіресе мұндай тәжірибе тиімді кезде ) Ал ол өзгермейді. Уәде береміз.


 
 
 

Recent Posts

See All

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page